Павлодарда жас өнерпаздардың үлкен сахнаға шығуға дайындығы қызу

Әнел Сәдуақасова кәсіби музыкант болуды армандайды. Жеткіншек енді музыкалық мектеп қабырғасында ғана емес, облыстық филармонияда білімін молайту мүмкіндігіне ие,деп хабарлайды «Хабар 24».

Әнел Сәдуақасова, музыкалық мектеп  оқушысы:

Филармониядағы үшінші репетициям. Өте ұнады. Қызықты. Білімдер алдым, жетістіктерге жету үшін мына жерге тағы да келіп отырамын. Сахнаға шыққым келеді.

Қазіргі уақытта Әнел қатарластарымен бірге концертке қызу дайындық үстінде. Бірнеше күннен кейін облыстық филармонияның камералық хорымен бір сахнада өнер көрсетеді. Шығармашылық ұжымдар мен жастардың бірлескен жұмысы «Самға» жобасы аясында жүзеге асырылады.

Амангелді Қожанов, Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның директоры:

– Оларды үлкен сахнаға тәрбиелеу, тәжірибе беру деген мақсатта осындай үлкен жұмыстар жасалып жатыр. Бұның жемісі – жастарды мәдениетке тәрбиелеу, екінші мақсат – кәсіби  музыкант боламын дегендерді үлкен сахнаға шығып, көрінуіне ықпал жасау.

Анастасия Борисенко, музыкалық мектеп оқушысы:

Кәсіби музыканттардан тәрбие алу біз үшін зор мүмкіндік. Филармония әртістерінің тірлігіне етене араласып жүрміз. Алда үлкен концерттер күтіп тұр. Сол мәдени шараларды өткізуге атсалысқанның өзі тәжірибе.

 Серік Сыздықов, Музыка колледжі-музыкалық мектеп кешенінің директоры:

– Кәсіби ұжымдармен жұмыс істеу, жаңағы жекен дауыста ән айтатын әншілерімізбен бірге жұмыс істеу, одан қалды концерттер барысында елімізге белгілі әртістерді, одан қалды шетелдің әртістерінің қатысуымен ьірлесе осындай шара өткізу. Әрине, бұл – балалар үшін үлкен тәжірибе, үлкен үлгі.

Болашақ музыканттар мен филаромония әртістері соңғы дайындықтарын пысықтауда. Музыкалық колледж бен мектеп шәкірттері өздерін кәсіби музыкант ретінде сезінбек. Биылғы өнер маусымында 10-нан астап бірлескен концерт ұйымдастырылады. Оған жүздеген дарынды ұл-қыз үлкен сахнада өнер көрсетпек.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Марат Игіліков және Жеңіс Темірболат