Маңғыстау экологтары малдың неден қырылғанын анықтап жатыр

Маңғыстау экологтары малдың неден қырылғанын анықтап жатыр

Маңғыстау облысының Жармыш ауылында сиырлар қырылуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үй жануарлары елді мекен іргесіндегі бұлақтан су ішеді. «3 шақырым жерде құрылыс материалын шығаратын карьер тұр. Қара май, басқа да қалдықтардың тасталуынан су көзі батпаққа айналды. Оған түскен мал шыға алмай, сол жерде қалып жатыр. Бұл мәселе Маңғыстау ауданы әкімдігіне бірнеше рет айтылды. Бірақ нәтиже жоқ» – делінген әлеуметтік желідегі таралған жазбада. Мамандардың айтуынша, бүгін таңертең экология департаментінен жұмыс тобы сол жерге аттанды. Сынамалар нәтижесі апта соңына дейін хабарланады.

Мақсат Айсин, экология департаменті басшысының орынбасыры:

– Карьер орналасқан аумақтағы су көзін тексеруге Маңғыстау ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі қызметкерлері, сондай-ақ жер қатынастары бөлімінің өкілі де қатысады. Ауыл әкімін де шақырдық. Тұрғындарда табиғатты қорғау заңнамасын бұзу дерегі бойынша дәйекті дәлелдер болса, мамандарға көмектесуін сұраймыз.