БҚО-да болған су тасқынының шығыны есептелуде

Ми батпақ жолды кешіп өту оңай болмады. Жол талғамайтын көліктің көмегімен Жақсыбайға жетіп, ат басын бірден шағын орталыққа тіредік. Өйткені  қазір мұнда тасқын салдарынан баспанасы бүлінген бірнеше отбасы тұрып жатыр. Солардың бірі – Элеонора Хамитова – 5 баланың анасы. Күйеуі былтыр қайтыс болған. Ауылды су басқанда баспанасы бірден жарамсыз күйге түсіпті.

Элеонора Хамитова, Жақсыбай ауылының тұрғыны:

Су көтерілген жақта біздің үй сол жерде еді. Ең бірінші біздерді шығарды ауыл бойынша. Ештеңе алған жоқпыз, киім де бәрі де суда қалды. Үй саламыз деді, бірден 1 айда үй салынбайды ғой енді. Комиссия үйімізді қарады, жарамсыз деп таныды. Үй-қора бәрі құлап тұр бізде.

Шамиль Досжановтың отбасы да осы шағын орталықта тұрып жатыр. Жуырда ғана сарапшы мамандар келіп үй-жайымызды қарады. Бағалаушы комиссия оң шешім шығарады деген сенімдеміз дейді ол.

Шамиль Досжанов,  Жақсыбай ауылының тұрғыны:

 – Келгенде бізді қарады, фотоға түсірді, бізге ашып ештеңе айтқан жоқ. Оралға тапсырамыз, содан бағалап береді деді үйіңізді. Жағдай мынау ғой енді. Үйге немерелерлерімді апара алмай отырмын, неге десеңіз ылғал. Үйіне барған кісілердің балалары ауырып жатыр. Сосын мен амал жоқ, осы бөлмені берді, осында отырмыз енді.

Жақсыбайлық Қобылан Қариннің саман тастан салынған үйі де қазір тұруға жарамсыз күйде. «Отбасым үйге келіп тұрғысы келеді. Бірақ әзірге ол мүмкін емес»,-дейді тұрғын. 

Қобылан Қарин,   Жақсыбай ауылының тұрғыны:

– Мынау құласа, мынау көршім Әміржан Қарақұлов, мынау жерде Жапалақов Нұрлан, әр жағында Досқалиев Әлібек бар. Бәріміздің үйіміз құлап жатыр. Ал, мынваған бір көмек болса. Былай әкимшілік уақытша тұратын үйді беріп жатыр.

Жақсыбай тоғанының арғы бетіндегі 17 үй тасқын кезінде электр мен газ желілерінен ажыраған еді. Қазір бәрі де қалпына келтірілді.   

Алмат Қаратаев,  Жақсыбай ауылдық округінің әкімі:

Комиисия толыққанды жұмыс жасап күні бүгінге 84 үйге су кірген болып есептеледі. Соның 37-сі зардап шеккенге жатады.  Сол 37 үйге техникалық-материалдық зерттеу жүргізілді. Оларың зерттеуі бойынша болжам әзірге 37 үйдің ішінен 5-і бұзылып қайта салынады. Қалған 32-сі күрделі, жай жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, тасқын салдарынан баспанасы бүлінген ағайынға әр аймақтан көмек қолын созғандар жетерлік. Мәдениет үйіндегі мына тау боп үйілген киім-кешек пен азық-түлік – Атырау , Ақтөбе, Маңғыстау облыстарынан жеткізіліпті. 

Ғибат Хапанова, медбике:

Бізде бәрі жеткілікті деп есептейміз, күнделікті ішіп-жем тамағымыз бен киім-кешегіміз, төсек орындар. Үйге керекті құрал-жабдықтар да әкелінуде. Біз үлкен алғысымызды білдіреміз.

Жақсылық Абдолов,   Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары:

–  Бағалау жұмыстары да жүргізілуде, келтірілген залалдың тұрғындарға бір мезгіл материалдық көмек беру бойынша 88 өтініш қабылданып, бүгіннен бастап 50 АЕК көлемінде материалдық көмек әр есепшотқа аудару жұмыстары басталып кетті. Жолдарды қалпына келтіру бойынша жобалық құжаттама басталды. Сараптамадан өткеннен кейін 11 жердегі жырылған су өткізгіш тұрбалары қалпына келтіріледі, көпірлер жөнделеді. 

Табиғи апат салдарынан ауыл тұрғындарының қолындағы ұсақ малдан да шығын болды. Оның орнын қордың қаржысы есебінен толтыру көзделіп отыр. Өйткені биыл туған қозы-лақтың көбі тіркеуде жоқ. Ал, тасқын қайталанбас үшін ауыл маңындағы тоғанды тереңдетіп, жағалауын қалпына келтіру керек. Сонымен бірге су жүретін жүлгелерге қосымша гидорқұрылымдар салу да маңызды міндет.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Қанат Махмұтов, Елдар Аюпов