Лауазымды тұлғалар 180 млрд теңгені жымқырмақ болды

Лауазымды тұлғалар 180 млрд теңгені жымқырмақ болды

Экология министрлігі мен «Оператор РОП-тың» лауазымды тұлғаларына осындай айып тағылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі мен бас прокуратура бірлесе отырып, қаржыны жымқырудың алдын алғанын хабарлады. Атап айтқанда, утиль алым түрінде жиылған қаражатты жеке компанияны заңсыз қаржыландыру арқылы қалталарына басуды көздеген. Жекеменшік компания болса, электр энергиясын өндіретін 6 қоқыс өрттеуші зауыт тұрғызып, өндірілген энергиясын 15 жыл бойы мемлекетке жоғары тарифпен сатпақ болған. Осылайша компания ақшаны күреп табудың жолын тапқан. Бүгінде бұрынғы экология вице-министрі мен «Оператор РОП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бұрынғы басшылары қамауға алынған.