Мобильді аударымға салық салынғаны дұрыс па?

Бұл туралы халық арасында сауалнама жүргізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

– Мысалы, қазір дүкендер салыққа дұрыстап төлеп тұрса, мен магазин ұстасам если дұрыстап беріп тұрсам, сонда жеңілдік істеуге болар еді.

– Білмедім енді, өзімде жұмыс істегенде де перевод жақсы да любой жерге перевод жасай саламын. Енді қарсымын, бір сөзбен айтқанда қарсымын.

Енді оның белгілі бір мөлшері болады ғой. 200 мың-300 мың астам перевод жасап жатса, аптасына, айына сол кезде болмаса.

– Ол қате шешім ғой налог ұстаса, халыққа қазір қымбатшылық қазір. Оған мен қосылмаймын.

– Менің ойымша өте бұрыс шешім. Халықтың жағдайына қарау керек.

Бірақ налогқа келгенде дұрыс емес-ау аударымға ұстау дұрыс емес-ау. Басқа бизнестерге ЖК-ге ұстаса, түсінемін, ал аударымға ұстаған дұрыс емес.