Қоғамдық кеңесті реформалау керек – Сарапшылар

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін өзгертіп, облыс, қала мен аудандардағы мәслихаттар мен қоғамдық кеңестердің міндетін ажыратып алу қажет, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан стратегиялық институтының сарапшылары мен қоғам белсенділері осылай дейді. Елімізде 2016 жылдан бері  қоғамдық кеңестер құрылып, жұмысын бастаған. Кеңес міндеті мемлекет саясатын іске асыруға араласып, туындаған әр мәселені азаматтарға жария қылып, ортақ шешім шығару. Қаланың немесе облыс әкімдіктерінің бюджетін бекітуге ат салысу. Сарапшылар қоғамдық кеңес құрамын жаңалау қажет деп санайды. Себебі аймақтарда 5 жыл бұрын өзекті болған экология, жұмыссыздық, инфрақұрылым сынды мәселелер әлі күнге дейін шешілмей келеді.

Алуа Жолдыбалина, Қазақстан стратегиялық институты директорының орынбасары:

Халықаралық тәжірибеде 50/50 басым. Мүмкін кейбір жерде басымырақ бар 70/30 деген. Яғни 70 процент қоғамдық өкілдер де 30 процент мемлекеттік органдар. Өйткені қоғамдық кеңеске бәрібір есеп береді. Өтініш болады, талқылайтын мәселелер. Сол кезде мемлекеттік органның да бір өкілі дұрыс сияқты.