Маңғыстауда құмды дауылдан жол көрінбей қалды

Маңғыстауда құмды дауыл соғып тұр. Ауа райының қолайсыздығына байланысты "Доссор-Ақтау" бағытындағы Шетпе - Жетібай учаскесі жабылды.

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" хабарлады.

Көлік қозғалысына шектеу елорда уақытымен сағат 13:30 шамасында енгізілген.

Мамандардың айтуынша, дауыл кесірінен жолды көру мүмкін емес. Сондықтан бұл бағытта алыс сапарға шықпауға шақырады. Оқыс жағдайға тап болсаңыз 1403 байланыс желісі арқылы колл-орталыққа хабарласуға болады.