Бектауата киелі орыны маңында қазылған жерге қатысты «Қазавтожол» ақпарат берді

Осы материалдан кейін «Қазавтожол» өкілдері мәселеге қатысты ақпарат берді. Компанияның ресми өкілдерінің айтуынша, карьерді қалпына келтіру жұмыстары бір ай ішінде аяқталады.

«Қазавтожол: Қарағандыдағы карьерді қалпына келтіру бір айда аяқталады»

Ляззат Стамғазиева, «Қазавтожол» ҰҚ» АҚ Баспасөз хатшысы:

- Қазіргі уақытта лицензияның бітуіне орай карьерде рекультивация немесе қазақша айтқанда қайта қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті. Қарағанды облыстық Қазавтожол филиалына сәйкес мердігер ұйым осы рекультивация жұмыстарын бір ай көлемінде аяқтауды жоспарлап отыр. 2025 жылға дейін Қарағанды облыстық филиалы өңірде бар рсепубликалық маңызы бар жолдарды нормативтік неге сәйкестендіруді жоспарлап отыр.