Жамбыл облысында әскерилер мергендіктен жарысты

Жамбыл облысында әскерилер арасында мергендер сайысы өтті.

Шараға Оңтүстік өңірлік қолбасшылығының барлық гарнизондарымен қатар Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ұлттық ұлан, полиция қызметкерлері қатысты. Олар тапанша мен автомат атудан өзара мықтыны анықтады. Жарыста жалпы саны 100-ден астам адам бақ сынап шеберліктерін көрсетті. Бұл әскери спартакиада дайындықты пысықтап, кез келген уақытта Отан қорғауға дайын болуға бағытталған. Турнир қорытындысы бойынша командалық есепте облыстық Полиция департаменті үздік атанды.

Айта кету керек, түрлі күш құрылымдарының қатысумен ұйымдастырылған мұндай деңгейдегі шара соңғы рет 8 жыл бұрын өткізілген.

Бауыржан Күреңкеев, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары:

- Түпкі мақсаты біздің Егеменді еліміздің сарбаздары әр саланың азаматтары өз істеп жатқан істеріне батыл тойтарыс учениесі кезінде көрсетілді. Осы жарыста 11 команда қатысып жатыр. Өте жақсы деген дайындыққа баға бере аламыз.