Халықаралық еңбек ұйымы жұмысшылар мен үкіметтің қарым-қатынасын реттеуге көмектеспек

Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Халықаралық еңбек ұйымы Қазақстанда әлеуметтік диалогты дамытуды көздейді.

Олар жұмыс берушілердің мүддесін қорғаумен қатар жұмысшылар мен үкімет арасындағы қарым-қатынасты реттеуге көмектеспек. Яғни осы бағытта әлеуметтік және экономикалық сипаттағы әлемдік үздік стандарттарды енгізуге атсалысады. Екі жақты серіктестіктің тиімділігін арттыру мақсатында Халықаралық еңбек ұйымының жұмыс берушілер қызметі жөніндегі бюросы мен «PARYZ» ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы арасында меморандумға қол қойылды.

Айта кетейік, әлеуметтік диалог бұл түйткіл мәселелерді шиеленестірмей, келіссөз арқылы шешу алаңы. Оған кәсіподақ, жұмыс беруші және мемлекеттік орган өкілдері қатысады.

Жұмабек Жанықұлов, «PARYZ» Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы президиумының төрағасы:

- Нақты ұсыныс деген болмайды. Бұл ұйымның жұмысы Қазақстанда болып жатқан заңдарды, жұмыстарды  қадағалау. Біз қазір келгенде  жұмыс беруші мен жұмысшылар арасындағы кейбір әртүрлі жағдайлар болады ғой. Спорлар болады соған байланысты реттестіру үшін олар бізге көмектеседі. Халықаралық тәжірибелерді бізге жеткізеді.