Бокстан әйелдер арасында Әлем чемпионаты басталды

Бокстан әйелдер арасында Әлем чемпионаты басталды

Түркияда бокстан әйелдер арасында Әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Қазақстан құрамасында рингке бірінші болып Валентина Хальзова шығады. Ертең 48 келі салмақта Алуа Балқыбекова жарыс жолын бастайды. 11 мамырда күндізгі сессияда Жайна Шекербекова, Карина Ибрагимова мен Аида Әбікеева өнер көрсетеді. 12 мамырда Қазақстан намысын Назым Қызайбай, Дина Жоламан, Римма Волосенко мен Дариға Шәкімова қорғайды. 81 келіге дейінгі салмақта Гүлсая Ержан мен аса ауыр салмақта Ләззат Күнгейбаева бар. Олардың жекпе-жегі 13 мамырда өтеді.