Нұр-Сұлтанда майдан хаттары оқылды

Бүгінгі мерекеге орай елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Майдан хаттары» атты концерт өтті. Шара Кеңес Одағының батырлары Мәншүк Мәметова, Талғат Бигелдинов және Қазақстанның Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығына арналған. Концертте жазушының күнделігінен естеліктер мен майдан хаттары оқылды. Туындылар сұрапыл соғыс жылдарындағы жауынгерлердің ерлігі мен тылдағы қарапайым еңбек адамдарының тағдырын сипаттайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Роза Рымбаева, ҚР Халық әртісі:

Бұндай сөдер, бұл хаттағы жазылған әңгімелер ешқашан қайталанбайды. себебі бұл тірі адамдардың, тірі біздің отан қорғаушыларымыздың майданда жүрген еліне деген махаббаты, барлық жан жүрегі. соны біз бүгін әнменен бірге көрерменге көрсетеміз. 01:34 сахнадан біздің  қаза болған батырларымыздың хатын оқу деген оны әнмен жалғастыру деген бұл ерекше бағдарлама.