Ақмола облысында орманға бейнебақылау камералары қойылды

Биік мұнарасы бар бейнебақылау бекетіне жақындаған адамды диспетчерлер онлайн көріп, оны осылай қарсы алады. Сөйтіп, арнайы құрылғылар арқылы өзара байланысады. Ал, ауа райы қолайсыз болса, құтқарушылар келем дегенше адасқан адамға бекеттің ішіне кіріп отыруға мүмкіндік беріледі. Шағын дүңгіршек барлық қажетті қондырғылармен жабдықталған. Сымсыз ұялы байланыс пен телефонды қуаттау құрылғылары да бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кету керек, мұндай бекеттер телефон желісі жоқ жерлерде де жұмыс істей береді. Ал, орманда жүрген өзге адамдар мен қандай да бір артық қимылды табиғи парктің жедел басқару орталығындағы бірнеше диспетчер бақылап отырады. Олар 13 камера арқылы бүкіл аумақты назарда ұстайды. Көмекке мұқтаж адам тек осы қондырғыларды тапса болды.

Асылхан Ахметжанов, «Бурабай» МҰТП жедел басқару орталығының жетекшісі:

Біздің бейнебақылау мұнаралары басқа байланыс операторларынан ерекшеленіп тұрады. Олар жасыл, қызыл және ақ түстерге боялған. Ал, басқалары тек қызыл мен ақ түстен тұрады. Осы арқылы ажыратуға болады». 

Бұдан бөлек Бурабай орман шаруашылығында 10 шақты дрон да бар. Олар да аумақты шолуға жиі жұмылдырады. Бұл да өз кезегінде адасқан адамдарды тез табуға сеп болмақ.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Евгений Шинкаренко