Жаһандық жылыну ақ аюлардың популяциясына қауіп төндіре бастады

Норвегияның Шпицберген архипелагында арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдардың айтуынша, соңғы уақытта аталған аймақтағы мұз тез еріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал бұл ақ аюлардың қорек табуына айтарлықтай кері әсер етеді, дейді мамандар. Өйткені ақ аю жемтігін көбіне мұз үстінде аулап жейді. Ал мұз ерісе аю аштан қырылуы мүмкін. Себебі енді ол аңшылыққа бұрынғыдан көп энергия жұмсайтын болады.

Айта кетейін, бүгінде Баренц теңізінде шамамен 3 мың ақ аю мекендейді. Ал бүкіл әлем бойынша олардың саны 26 мың деген мәлімет бар.

Сондай-ақ...