Каспийге төгілген қара судың қоршаған ортаға зияны жоқ

Ақтауда энергетикалық комбинат аумағын тексерген экологтар осылай дейді. Мамандар су тарту арнасы мен ауадан сынама алған. Одан табиғатқа залал келтіретін қоспалар табылмапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәсіпорыннан шығатын құбырдан қара түсті сұйық ағып жатқаны әлеуметтік желіде таралып, жұрттың наразылығын тудырған еді. Комбинат өкілдері су арнасы деңгейінің төмендеуіне байланысты түбін тереңдету жұмысы басталғанын айтады. Сорылған су сол күйі теңізге қайта төгіліп жатыр.

Гүлім Ұлықпанова, Экология департаментінің бөлім басшысы:

Сонау 50-60 жылдан бері канал тазаланбаған. Түбіне тұнып қалған лай, яғни ильдан каналдың екінші жағына жер снаряд механикалық әдісін қолдану арқылы тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Маэк» ЖШС тарапынан да түсініктеме алынды.