13 мамыр Халықаралық отбасы күні

Бүгін халықаралық отбасы күні. Елордалық жас жұбайлар атаулы күнді ерекше атап өтті.

Есіл ауданынағы АХАЖ бөлімі мереке қарсаңында шаңырақ көтерген 5 жұпқа неке куәлігін салтанатты түрде тапсырды. Оның сыртында азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде бір ай бұрын некеге тұруға өтініш білдірген 15 жас отау тіркеді.

Санжар Асқарұлы, қала тұрғыны:

- Отбасын құруымызға 7 күн қажет болды. Осындай керемет күні, оған қоса жұмада, Құдайдың қалауымен осындай кереметтей ғимаратта некені қиғалы тұрмыз. Қазір менде қатты толқыныс болып тұр. Бірінші рет отбасы құрғалы тұрмын. Мен үшін ең керемет күн.

Раушан Зарирова,  АХАЖ бөлімінің басшысы:

- Күніне 20-дай жұп өтініш береді. қазір неке деген көбейіп жатыр. Жанұяға біз көп мән беремсіз. Жас жұбайлар білу керек. Осындай күн бар екенін. Жас жұбайларға жақсылық тілейміз. Бақытты болсын.