Ә.Смайылов: Маңғыстау өңірінде мың жұмыс орны аз

Маңғыстау облысындағы негізгі мәселе – жұмыссыздық, деп хабарлайды «Хабар 24».

Проблеманы шешу үшін инвестиция тарту керек. Өңірге жұмыс сапарымен барған Премьер-министр Әлихан Смайылов осылай деді. Биыл 123 млрд теңгеге 21 инвестициялық жоба іске асып, мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу мүмкіндігі пайда болды. Бірақ бұл өте аз, өйткені тіркелген жұмыссыздардың саны 20 мыңнан асады, дейді Үкімет басшысы.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

– Инвестициялық жобаларды тарту бойынша жұмысты күшейтіп, оны кеңінен қою керек. Облыс әкімдігіне, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, индустрия және инфрақұрылымды дамыту, энергетика және басқа министрмен, «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, өңір бойынша және Жаңаөзен бойынша жаңа жұмыс орындарын құру жұмысын күшейту керек.