Халықтың табысын арттыру мәселесі қаралды – Қарағанды облысы

Халықтың табысын арттыру мәселесі қаралды – Қарағанды облысы

Қарағанды облысының өңдеу өнеркәсібі саласында 46 индустриялық жоба іске асырылады. Бұл 13 мыңға таяу жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталған іс-шаралар 2025 жылға дейін тұрғындардың табысын арттыру бағдарламасы аясында халықты жұмыспен қамтуға бағытталған. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың Қарағанды өңіріне жасаған сапары барысында айтылды. Өңірдегі ірі кәсіпорындарды аралаған вице-премьер еңбеккерлермен кездесіп, жұмыс барысындағы пікірін тыңдады. Халық табысын арттыру бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – өңдеу өнеркәсібін дамыту арқылы тұрғындардың табысын арттыру болып отыр.

Сергей Ким, «Қазарматура» ЖШС басшысы:

Біз мұнай-газ саласына арналған арнайы арматура шығарамыз. Тапсырыс берушілер Қазақстаннан бөлек Ресей және Өзбекстанға да өнім шығарады. Бүгінде 115 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Әрқайсысының әлеуметтік пакеті бар. Алда өндіріс саласын арттыруды жоспарлап отырмыз.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

– Нақты жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды көрдік. Халықтың сонда жұмыс істеп жатқан жұмыскерлердің жалақысын арттыруға байланысты жобасын да көрдік. Сондықтан осыны әрі қарай да жүзеге асыратын боламыз. Жалпы республика бойынша бүгін 3 млн-нан аса қарапайым металлургтер, технологтар, инженерлер, операторлар мен машинистер сынды көптеген өндіріске қатысы бар жұмыскерлер мәселесі қарастырылады.