Өзбекстанда жолаушы тасымалы басталды

Өзбекстанда жолаушы тасымалы басталды

Бүгіннен бастап Қазақстан мен Өзбекстан арасында теміржол қатынайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі жылдан бері жолаушылар тасымалы тоқтап қалған еді. Енді ек ел азаматтары Алматы – Ташкент және Нүкіс – Бейнеу бағыттары бойынша еркін қатынай алады. Алғашқысы аптасына 3 рет жүреді. Шекарада кей карантиндік талаптар әлі де күшін жойған жоқ. Мәселен жолаушылар вакцина паспорты немесе ПТР-тест сынамасын көрсетуі шарт.

Әлішер Абдуллаев, теміржол компаниясы тариф бөлімінің басшысы:

– 2020 жылға дейін екі ел арасындағы жолаушы тасымалының көлемі көп болды. Нұр-Сұлтан мен Самарқан арасында да пойыз қатынады. Қазір оны іске қосу жайы қарастырылып жатыр. Ресейге дейінгі бағыттар бойынша да келіссөздер жүреді.