Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарылуы мүмкін

facebook.com

Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбай Қытайдан Қазақстанға қайтарылуы мүмкін.

Бұл туралы оның адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов фейсбук-парақшасында жазды.

«Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында ұсталды. Сол жылы Хошимин қаласында Ростов қаласының тұрғыны Мария Дапирка да ұсталды. Қыздар нигериялық есірткі тобының құрбаны болғаны анықталып, екеуі өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстанға тез арада ауысуын күтеміз. Қыздардың Отанға оралуына нақты мүмкіндік бар», - деп жазды Сұңқар Нұрмағамбетов.

Еске сала кетейік, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Қытайдың Малайзиямен шекарасында есірткімен ұсталған болатын.