2025 жылға дейін республикалық жолдар жөнделеді

2025 жылға дейін республика бойынша 100%-ке тас жолдар жөнделеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, еліміздегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 96 мың шақырымды құрайды. Сондай-ақ Алматы облысындағы Сарыөзек-Көктал тас жолының 90%-і тозған. Ал ол Қорғас шекарасымен байланыстыратын маңызы бар жолдардың бірі. Бұл туралы Үкімет отырысында облыс әкімі Қанат Бозымбаев айтты.  Жалпы жөндеу құны 7млрд-қа жоспарланған.

Бірақ биыл тек 1 млрд қазынадан қарастырылыпты. Ол қаржының өзі осы айда толық игеріледі. Сондықтан бастаған жұмыс аяқсыз қалмасын деп тағы 5 млрд бөлуді сұрады Алматы облысының әкімі.