Талғайраң елді мекеніндегі лагерьді жөндеу үшін 60 млн теңге қарастырылған – Атырау

Қазір мұнайлы өңірде 138 мың оқушы білім алып жатыр. Санаулы күндерден кейін оқу жылы аяқталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Балалар жазғы  демалысы үшін өңірде жыл сайын жазғы лагерь ұйымдастырылып келеді. Биыл қала іргесіндегі Талғайраң елді мекенінде орналасқан лагерьді жөндеу үшін 60 млн теңгеге жуық қаражат қарастырылған. Сондай-ақ, Махамбет, Индер аудандарында балалар демалысын ұйымдастыру үшін де дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Айнагүл Дүйсекенова, облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Биылғы жылы осы лагерьлерде, әсіресе, әлеуметтік аз қамтылған, осал санатты отбасының балалары бірінші кезекте осы демалыспен қамтамасыз етіледі. лагерьге ата-аналарға егов порталы арқылы өтінішті қабылдаймыз. Өтініштер қабылданғаннан кейін тізім жасақталып, білім бөлімдеріне балаларды жазғы демалыспен қамтамасыз ету жұмыстары жүрігізіледі.

Шаһардағы №22 Әлия Молдағұлова атындағы мектепте де жазғы балалар лагері ұйымдастырылады. Маусым айында 50-ге жуық бала уақытын тиімді пайдалана алады. Қазірдің өзінде ата-аналар өтініштерін беріп үлгерген.

Ақсұлу Сәлиева, Ә.Молдағұлова атындағы №22 мектептің директоры:

8 жарымда ата-аналар балаалырн әкеліп тапсырады. Тәрбиешілер, психологтар және медбикалер қабылдап алады. Одан кейін таңғы серуен, жаттығуларды өткізеді. Одан кейін тамаққа барып, түске дейін әр түрлі шаралар өтеді. Түстен кейін демалады. Күніне 3 мезгіл тамақтанады. Завтрагы бар, обед және полдник. Одан басқа тамақтандырусыз бейімдік лагерь жұмыс істейді.

Былтыр 4000 мыңға жуық бала қамтылған еді. Ал мектеп жанындағы лагерьлер 12 мыңнан астам бүлдіршінді қабылдады. Балалардың жазғы демалысы үшін өткен жылы бюджеттен 287 миллион теңгеге жуық қаражат қарастырылған еді.

Авторлары: Асланбек Шығыр, Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин