Атырауда жегі құрттармен күрес басталды

Атырауда жегі құрттармен күрес басталды

Қызылқоға аумағында 800 гектар алқапқа таралып үлгерген зиянкестерді мамандар «жусан жемірі» деп отыр. Биылғыдай ылғал зиянкестердің көбеюіне қолайлы жағдай, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақтөбе облысымен шектесетін Сағыз, Мұқыр ауылдық округінде де зиянкестер тарала бастаған. Жегі құрттардың орташа тығыздығы 1 шаршы метр аумаққа 8-10, кейбір жерде 20-30-ға дейін барады. Ғылыми негіздемеге сүйенсек, қоңыздар тек дернәсіл кезінде ғана жусандарға залалын тигізеді. Ал ересектері өсімдікпен қоректенбейді. Дегенмен қазір жусан түбіне жасырынған жегі құрттар жаппай бас көтере бастаған. Бұл көп жылдан қуаңшылық жайлап, биыл ғана еңсесін тіктей бастаған шаруалар үшін қыруар шығын болғалы тұр.

Әбина Қазиева, «Агроөнеркәсіп кешені» МИК Атырау облыстық-аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:

– Себебі бюджеттен өңделетін зиянкестерге, яғни «үйірлі шегіртке» және «саяқ шегіртекелерге» ғана бюджеттен қаражат бөлінеді. «Үйірлі шегірткелерге» республикалық бюджеттен, «саяқ шегірткелерге» жергілікті бюджеттен. Ал бұл- тізімге енбегендіктен аса қауіптіге жатқызылмайды, бұл зиянкестің түрі. Сондықтан шаруалар өздерінің қаражаты есебінен жүргізеді заң бойынша. Бірақ ұсыныстар беріп жатырмыз. Алға қарай осы зиянкесті аса қауіптіге жатқызуға.