Еліміздегі жастардың көбі жұмыссыз – Сенат Төрағасы

Еліміздегі жастардың көбі жұмыссыз – Сенат Төрағасы

Елде 4 млн жас бар. Бұл әр бесінші қазақстандық.

Тең жартысы еліміздің оңтүстік өңірлерінде шоғырланған. Көбі жұмыссыз. 25-29 жас аралығындағы жастар арасында жүргізілген сауалнамаға сүйенсек, респонденттердің 12 процентінде тұрақты жұмыс орыны болмаған. Жоғары білімі барлардың 40 проценті өз мамандығымен жұмыс істемейді. Бұл туралы бүгін Парламенттік тыңдауда Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты. Шағын және орта кәсіпкерлікке баруға жүрексінеді. Өйткені қажетті білімі мен алғашқы капиталы жоқ. Осыған байланысты жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған бағдарламаларды әлде де жетілдіріп, бөлінетін қаражаттың тиімділігін арттыру қажет, деді Сенат спикері.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

- 2000 жылдардың ортасында және екінші жартысында елімізде бала туу көрсеткіші күрт көбейді. Сондықтан қазір жастардың саны үнемі өсіп отырады. Бұл үрдіс 2030 жылға қарай өз шыңына жетеді деп болжанып отыр. Әрине мұның артықшылықтары өте көп. Сонымен қатар бұл жағдайдан туындайтын өзіндік мәселелер де болатынын ескеруіміз керек. Себебі мемлекет жастарымызды сапалы біліммен және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтуы қажет.