Орталық референдум комиссиясы халықаралық байқаушыларды тіркей бастады

Қадағалаушы тарапТМД байқаушылары миссиясының құрамында 100-ге жуық адам бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша аккредиттеуге 3 халықаралық ұйымнан және 5 шет мемлекеттен 39 байқаушы ұсынылды. Оның ішінде, 6 байқаушы ТМД-дан болса, бесеуі Түркі мемлекеттері ұйымы байқаушылар миссиясын құрады. Және 17 байқаушы ТМД  парламент аралық ассамблеясынан, сондай-ақ  Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Грузия, Молдова елдерінен 11 адам аккредиттелді.

Олег Кулеба, ТМД тарапынан келген байқаушылар миссиясы жетекшісінің кеңесшісі:

Бүгінен бастап ТМД-дан келген миссияның құрамы мониторингті бастады.  Айта кеткен жөн, біздің миссия  бейтарап ұстанымда болады. Яки мемлекеттің ішкі ісіне араласпайды. Біздің ойымызша, бақылаушылардың болуы дұрыс. Сайлауға әділ және ашық баға береді. Миссия құрамына Украинадан басқа барлық достастықтың мемлекеттері кірді.