Таразда ғылыми-танымдық конференция өтті

Профессор Насрулла Таразидің туғанына 100 жыл толуына орай Таразда ғылыми-танымдық конференция өтті. Халықаралық деңгейдегі іс-шараның мақсаты - қазақ даласынан шыққан дін өкілдерінің еңбектерін оқырманға таныстыру. Насрулла ат-Тарази парсы тілі және әдебиетін жетік меңгерген шығыстанушы ғалым. Ескі қолжазбаларды оқып, оны талдау жұмыстарына ерекше үлес қосқан тұлға. Конференцияны «Ислам-ынтымақ пен бірлік діні» жылы аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің ғалымдары, зерттеушілер мен тарихшылар қатысты. Олар Насрулла ат-Таразидің өмірі, қазақ елін әлемге танытқан алғырлығы, әлемдік деңгейдегі еңбектері турасында деректер келтірді.

Наурызбай Қажы Тағанұлы,  ҚМДБ төрағасы, бас мүфти:

– Әлемге қазақ жұртын, қазақ елін танытқан. Ислам дініне кең үлес қосқан бабаларымыздыардақтап оларды жастарға насихаттау. Және жалпы тарихымызды ұмытпау. Тұлғаларды дәріптеу, насихаттау арқылы жастарымызға Жігерлендіру осындай біз бабаның ұрпақтарымыз осындай елімізде тұлғалар туған деген сияқты балаларымызға Иншалла үлкен үлгі болады деген ниеттеміз.