Референдумнан не күтеміз?

Сенаторлар студенттермен кездесті. Бүгін Астана Айти Университетінде депутаттар жастарға референдумның берерін айтты. Сосын болашақ IT мамандарын Парламентте тағылымдамадан өтуге шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жас буын «өзгеріс өзімізден басталу керек» дейді. Сондықтан «референдумға барамыз» деп отыр.

Нұрхат Жакиев, физика ғылымының PhD докторы:

– Негізі көп халықтың пікірі былай ойлауы мүмкін. «Бізсіз-ақ та шешіледі» деп. Бірақ, бұл Қазақстанның жаңа саясаты. «Естуші Қазақстан», «Естуші Үкімет» дейміз. Сол мәселенің аясында әр адам өзін тұлға ретінде, әр адам өзін статистикалық пайыз ретінде қарастырмай, тұлға ретінде қарастырып, өзі соған дауыс беретіндей, өзінің даусының үлесі бар екенін сезінетіндей болу керек.

Ақжан Тұрсынбек,  студент:

– Әркім ойлайды «менің даусым ештеңеге әсер етпейді». Бірақ, менің ойымша әркімнің даусы маңызды. Егер олар дауыс жасаса, келесіде бір шешім қабылданса оларда «мен соған қатыстым» деген ой болады.

Қуаныш Жұмағазиев, студент:

– Референдумның бастамасы – Қазақстанның бастамасына үлкен әсер етеді. Себебі қазіргі таңда мықты парламент құру Қазақстанды, мысалы АҚШ ол өзінің парламентінің арқасында және әртүрлі штаттарға бөлу арқылы олар өздерінің экономикасын тез дамытады. Қазақстан да дәл солай, тек Президентке тәуелді болып қалмай, сонымен қатар мықты парламенттің арқасында өзінің жұмысын тез әрі сапалы орындайды.