Алматыда жастар референдумның болашақ үшін маңызы зор екенін айтты

Қазіргі жастар өзгерістер дәуірінде өмір сүріп жатыр. Алматыдағы Халықаралық білім беру корпорациясындағы дебатқа қатысушылар осындай пікір білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Студенттер айына бірнеше рет бас қосып еліміздегі саяси-әлеуметтік тақырыптарға үн қатып, талқылап отырады. Бұл – жолғы кездесу 5 маусым күні өтетін Конституциялық реформаға арналды. «Екінші Республика немесе Жаңа Қазақстан халық үшін нені білдіреді?» деген тақырыпты ортаға салған жастар референдумның болашақ үшін маңызы зор екенін айтты. Жастар қаласы саналатын Алматыда 130 мыңнан астам студент білім алады.

Елдос Құрманжан, Халықаралық білім беру корпорациясының 1-курс студенті:

Жастар өзгерістің уақытында өмір сүріп жатыр. Яғни, соңғы 5 жылдықта болған, әлемде болып жатқан жағдайлар мен қазіргі Қазақстанның ішінде болып жатқан яғни, 5 маусым күні болатын референдум бар, сол өзгерістердің барлығы жастарға тікелей байланысы бар және де барлық жастар оны қолдайды.