Әлеуметтік желілерде қантқа таласқан оралдықтардың бейнежазбасы таралды

Оралда қантқа таласқан жұрттың әрекеті әлеуметтік желі арқылы тарап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24» ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Тұрғындардың айтуынша, оқиға 28 мамыр күні таңертең Зачаган кентіндегі М.Мөңкеұлы көшесінде орналасқан «Алтындар» супермаркетінде болды. Олардың сөзіне қарағанда, аталған супермаркетте мұндай жағдай күн сайын қайталанып отырады. БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Жұмагелді Батырниязовтың түсіндіруінше, «Алтындарда» қанттың әр килосы 370 теңгеден арзанға сатылып жатқандықтан, осындай жағдай орын алуда. «Басқа сауда орындарында ондай сабылыс жоқ. Мысалы, «Дина» супермаркетінде қанттың әр килосы 442 теңгеден емін-еркін сатылып жатыр», – деді Ж.Батырниязов.