Алматы тауларына тазалық керек

«Kaz Eco Patrol» қоғамдық ұйымының белсенділері жауын-шашынға қарамай Көкжайлау бөктерін күл-қоқыстан тазартты.

Көкжайлау Іле-Алатауы ұлттық табиғи паркінің аумағына кіреді. Бүгінгі іс-шараға Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі академиясының 130 курсанты қатысты. «Бұл акция табиғатты қорғауға және алдағы референдумды қолдауға арналады» дейді ұйымдастырушылар.

Тимур Елеусизов, Kaz Eco Patrol қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:

- Біз референдумды қолдаймыз. Тазалық іс-шарасында екі топқа бөлініп Алма-Арасан мен Казачка өзендерін бойлай жүрдік. Жағалау мен Көкжайлауды тұрмыстық қоқыстан тазарттық.