Жамбыл облысында референдумның өтуін екі мыңнан астам қоғамдық бірлестік өкілдері бақылайды

Оларға дауыс беру кезінде заңбұзушылыққа жол бермеу жауапкершілігі жүктеледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір алдағы саяси реформа алдында халық қалаулылары өңірлерді аралап жүр. Бүгін Сенат депутаты Абдалы Нұралиев жұмыс сапарымен барды. Депутат Тараз өңірлік университетінің ұжымы және студент жастармен кездесіп саяси науқанның мәні мен маңызын түсіндірді. Сонымен қатар мәртебелі мейман экология, ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерімен де кездесті.  Айта кету керек, референдумнан кейін Ата заңдағы 33 бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Бұл тарихи күні ешбір азамат тыс қалмай, өз дауысын беруі тиіс.

Абдалы Нұралиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты

-Сайлаудағы үлкен бір мәселе. Мемлекет басшысы ұсынған супер президенттік жүйеден президенттік парламенттік жүйеге ауысу. Бұл өте орынды деп есептеймін.Себебі бір қатар президент өзінің өкілеттерінен бас тартып Парламентке беріп отыр. Бұл өте құптарлық.