Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қамауда ұстау мерзімі 20 маусымға дейін ұзартылды

Алматы ауданаралық тергеу соты бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қамауда ұстау мерзімін 20 маусымға дейін ұзартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қаңтар оқиғасынан кейін  Бектановты сынға алып, қызметінен босатқан еді. Содан кейін бүлік кезінде әрекет етпеді деген  күдікпен 20 ақпанда қамауға алынған. Мұрат Бектанов Қорғаныс министрі қызметін 2021 жылдың тамыз айынан бастап, осы жылдың 19 қаңтарына дейін атқарды.