Асхат Оралов Павлодар облысында ауыл жастарымен кездесу өткізді

«Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов Павлодар облысында зиялы қауыммен, ауыл жастарымен және партия активімен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Баянауыл жастарымен кездесуде Асхат Оралов Ата Заңға енгізілетін түзетулер азаматтардың сұранысына оның ішінде, неғұрлым демократиялық, әлеуметтік-әділ қоғам құру талабына толығымен жауап беретінін атап өтті.  Өз кезегінде, жастар да азаматтардың еліміздің қоғамдық-саяси өміріне араласуын күшейтуге бағытталған Президент ұсынған реформалар бағытын толығымен қолдайтынын жеткізді.

Асхат Оралов «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы:

– Елімізде соңғы рет конституциялық референдум 1995 жылы өтті. Яғни, тәуелсіз Қазақстанда туған жастар үшін бұл – алғашқы тәжірибе. Сондықтан әркім өз пікірінің маңыздылығын және ел болашағы үшін жауапкершілікті сезіне отырып, 5 маусымда дауыс беруі керек.

Бөгембай Бахитденов, биология пәнінің мұғалімі:

– Мен 5 маусымда сайлау учаскесіне барамын. Өйткені біз, жастар, барынша белсенділік танытып, өзіміздің азаматтық борышымызды орындауымыз керек деп санаймын.