Қасіретті жылдар жаңғырығы. LIVE

Ақтөбеліктер қала маңындағы Түйетөбе қырында бас қосты. Бұл солақай саясат салдарынан жазықсыз жапа шеккендердің жатқан жері. Бүгін зұлмат жылдары қаза тапқандардың рухына құран бағышталып, гүл шоқтары қойылды. 

Мансұр Есқожин, тілші:

- Түйетөбенің басында жиналған халық аз емес. Ата-баба рухына тағзым ету үшін қасіретті мекенге арнайы келген. Олай дейтін себебіміз сталиндік солақай саясаттың құрбаны болған 127 жанның сүйегі дәл осы маңнан табылыпты. Оның өзінде археологиялық қазба жұмыстарына кіріскен тарихшылар кездейсоқ кезіккен. Дегенмен, төбе айналасында әлі күнге дейін аты ақталмаған жүздеген адамның сүйегі болуы мүмкін, дейді ғалымдар. Сондықтан саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия жұмысын тоқтатпаған. Қазір біз осы арнайы топ өкілінің бірінен сұхбат алсақ. 

Менің білуімше, облыс аумағында Түйетөбеден де бөлек саяси қуғын-сүргін құрбандары атылған 15 орын анықталыпты.

Роман Рахиев , облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссия мүшесі:

Мансұр Есқожин, тілші:

- Жалпы 1936-1938 жылғы саяси репрессия кезінде бір ғана Ақтөбе облысынан 7 мыңға жуық адам тұтқындалып, оның 2 мыңнан астамы ату жазасына кесілген. Оның ішінде елге қызмет еткен көзі ашық жандар мен ұжымдастыру сияқты зорлықпен жүзеге асқан саясатқа қарсы шығып, көтеріліске қатысқандар да бар. Облыс аумағына жер аударылған өзге ұлт өкілдері де “үлкен террор” кезінде ату жазасына кесіліп, Түйетөбе сайында жерленген.