Ақтөбе облысында қасіретті жылдары екі мыңдай адам атылған

Ақтөбе облысында қасіретті жылдары екі мыңдай адам атылған

Ақтөбе жұрты Түйетөбеге жиылды. Қаза тапқандардың рухына құран бағыштап, гүл қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы қырда солақай саясаттың салдарынан жала жабылып, жазықсыз атылғандар жерленген. Кейін жүздеген жанның сүйегі табылды. Археологтар қорымды кездейсоқ тапқан екен. Көмілген сүйектерді зерттегенде барлығы желке тұсынан атылғандығы белгілі болған. Бұл маңда әлі де аты-жөні анықталмаған жүздеген адам жатуы мүмкін. Зерттеушілер осылай дейді. Жалпы репрессия кезінде Ақтөбе облысынан 7 мыңға жуық адам тұтқындалып, оның 2 мыңнан астамы атылған.

Рақым Бекназаров, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғылым бойынша проректоры:

Ақтөбе облысында қазіргі таңда мынау құпия құжаттармен, оның ішінде бұрынғы НКВД, КГБ құжаттарымен жұмыс істейтін 12 адам белгіленді. Олар 11 бағыт бойынша қызмет жасайды. Былтырдан бері біз 500-ден астам репрессияға ұшыраған молда, ишан, қазірет, поп, свещеннослужитель дейміз соларды біз анықтап отырмыз тізімдерін. Болашақта біз ойлаймыз оларды республикаға беріп, реабилитациядан өткіземіз деген ойдамыз.