Бір млрд теңгеден астам қаржы бөлінген су сорғыш стансасы қаңырап тұр – Қостанай облысы

Бір млрд теңгеден астам қаржы бөлінген су сорғыш стансасы қаңырап тұр – Қостанай облысы

Қостанай облысындағы Ершов ауылы екі жыл бұрын орталықтандырылған су желісіне қосылуы тиіс еді. Бірақ ауқымды жоба аяқсыз қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жеке үйлерге құбыр жетпеген соң су да жоқ. Қарағандылық мердігер мұндағы біраз адамды тақырға отырғызып, ұшты-күйлі жоғалған. Бақытжан апа көлік жүргізушісіне соңғы келгенінде су жетпей қалғанын айтып, бұл жолы қалыс қалдырмауын сұрап, өтінішін білдірп жатыр. Тасымал суға қараған күнің осы –деп налиды қейуана. Осыдан үш жыл бұрын ауылға құбыр тартыла бастағанда мұндағы жұрт қалай қуанды. Қазір сол көңілдері суып, сенімдері жоғала бастағандай.   

Бақытжан Ағытаева, Ершов ауылының тұрғыны:

– Былтыр, міне, суды өткіземіз деп қазды, трубаны үйге өткізді.Су өткізуге 90 мыңға жақын төледім. Жоқ ешкімге де әкелген жоқ. Тек трубаларды қойды, болды. Бұл не масқара? Ақшасын төледік. Мынаның бәрін тегістеп, әдімілеп жабу керек еді. Бар көшеде де, қай жерде болса да осындай, міне. 

Ауыл ішінде тартылған құбыр бойында  324 құдық  салынған  Қазір  барлығы ағынды суға толып тұр, яғни іші дұрыс бітелмеген. Кейбірі ашық-шашық жатыр. Ал енді екі жыл бұрын салынып бітуге тиіс су сорғыш станциясының түрі мынау. 

Мағауия Қалиев, тілші:

– Ұзынкөл ауданындағы сақалды құрылыстардың бірі – Ершов ауылындағы су сорғыш станциясы. Мынау құжатында көрсетілгендей, ол 2019 жылдың мамыр айында басталып, 2020 жылдың қараша айында аяқталуы тиісті еді. Бірақ өздеріңіз көріп отырғандай, нысанның құр темір қаңқасы ғана тұр. Қазірде мұнда ешқандай жұмыс жүргізіліп жатқан жоқ.

Мердігер бұл жерге алты айдан бері ат ізін салмаған. Құрылыста жұмыс істеген жергілкті тұрғындардың еңбекақысын да толық төлемеген. Мысалы, бір жылдан бері осы нысанды күзетіп жүрген Ирина Турынованың жалақы алмағынана жарты жылға жуықтапты.   

Ирина Турынова, Ершов ауылының тұрғыны:

– Желтоқсан айынан бергі алажағым шамамен 300-400 мың теңгеге жетті. Енді ол қолыма тие ме, жоқ па белгісіз. Өйткені қазір басқа мердігер келді деп жатыр. Ал ол бізге төлеуге міндетті емеспін деп шығуы мүмкін ғой. 

Мойына алған міндетін уақытында және толық орындамаған мердігерді аудандық әкімдіктің шағымымен сот жауапсыз деп таныды. Қалған 40 процент жұмыс ауқымын енді басқа компания атқарады. Бірақ жаңа мердігер ауыз суды үйлерге қашан жеткізіп беретіндігін ешкім дөп басып айта алмайды. 

Владимир Шерстюков, Ұзынкөл аудандық құрылыс және сәулет бөлімінің басшысы:

 Аяқталу мерзімі қаржыландыруға байланысты. Нақты айту қиын. Мердігермен сөйлескенбіз, жыл аяғына дейін бітіруге тырысамыз деп отыр. 

Ершов ауылын орталықтандырылған ауыз сумен қамту жобасына бюджеттен  1 млдр. 300 миллион тенге бөлінген. Қазір содан қалғаны 520 миллион тенге. Бұл қаржы қалған жұмыс ауқымын атқарып шығуға жете ме, әлде жобаны қайта қарауға тура келе ме, ол жағы білгесіз.

Авторлары: Мағауия Қалиев Сергей Трахтенберг