Алматыдағы Алтын Орда базарынан тағы да шу шықты

Алматыдағы Алтын Орда базарынан тағы да шу шықты

Саудагерлер жаңадан салынып жатқан сауда орталығынан сатып алған орындарына қарамастан далада қалуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түйткілді мәселені шешу үшін қорғаушылар тобы сенімді өкілдің үстінен арыз жазған. Содан бері Алматы қаласы облыстық полициясынан және Бас прокуратурадан жауап жоқ екенін айтады.

Қанат Әлібек, адвокат:

Сату және сатып алу туралы келісімшартты көрген жоқпыз. Себебі бұл келісімшартты 5 мамыр 2022 жылы Алматы облыстық экономикалық істерді тергеу департаменті алып кеткен. Біз бірнеше рет Алматы облыстық экономикалық істерді тергеу департаментіне адвокаттық сұраныс жібердік осы келісімшарттың көшірмесін бізге беру туралы.