Мемлекеттік рәміздер күніне орай 180 іс-шара өткізу көзделді

Мемлекеттік рәміздер күніне орай 180 іс-шара өткізу көзделді

Мемлекеттік рәміздер күні елде кең көлемде тойланады.

Ұзын-ырғасы 180 іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Нұрғиса Дәуешов осылай деді. Республика бойынша мемлекеттік гимнді орындау флешмобы ұйымдастырылады. Патриоттар форумы мен авто-мотошеру өткізу де жоспарда бар.

Нұрғиса Дәуешов, ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары:

- Бүгінде мерекелеу концепциясына байланысты әрбір өңірде облыс әкімі жанындағы ҚР мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырыстары ұйымдастырылуда, мәдениет үйлерінде және кітапханаларда ай сайын тақырыптық бағытта іс-шаралар өткізіледі. Жыл басынан бері жастар арасында патриоттық сезімді нығайту мақсатында барлық кітапханаларда «Менің рәміздерім  менің мақтанышым» атты кешенді кітап көрмелері ұйымдастырылды.