Петропавл жастары көк туды желбіретіп автошеруге шықты

Петропавл жастары көк туды желбіретіп автошеруге шықты

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған шаралар еліміздің солтүстігінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мереке қарсаңында Петропавл жастары көк байрақты желбіретіп, көлікпен қаланың басты көшелерімен жүріп өтті. Әуежайдан басталған автошеруде мемлекеттік рәміздердің 30 жылына арнайы безендірілген 30 көлік сап құрды. Акция барысында бейбітшілік пен ынтымақтастық символына айналған көк туымыз, елтаңба мен асқақ әнұранымыз барынша әспеттелді. Акция арқылы жастар қала тұрғындарын бір серпілтіп тастады.

Әлфараби Мыңбай, қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі:

– Қазіргі таңда енді қала тұрғындарының сұранысы бойынша қаламыздағы үйлердің балкондарынан тулар шығарып жатыр. Ертең республикалық, бір мезетте әнұран айтамыз. Мұндағы мақсат – жастар арасында мемлекетіміздің рәміздеріне деген құрметі көрсету және де патриоттық сезімін ояту.