Референдум-2022: Алматы облысынан эфир

Референдумның басталғанына 12 сағат болды. Енді бір сағатқа жетер жетпес уақытта саяси науқан аяқталады. Жарты тәулік ішінде Алматы облысындағы дауыс беруге құқылы тұрғындарының қанша проценті өз таңдауын жасады екен. 

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Алматы облысында мың елу үш референдумға арналған учаскелік пункт жұмыс істеп жатыр. Оған 1 млн 400 мыңға жуық адам барып дауыс береді деп жоспарланған. 18,00 дегі мәлімет бойынша электораттардың 70 процентке жуығы саяси науқанға қатысқаны белгілі болды. Бірақ бұл сандар сәт сайын өзгеріп өсіп жатқанын айта кету керек. Референдум барысын қанша адам бақылап жатқаны жайлы  облыстық референдум комисссия төрағасынан сұрадық. Сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.   

Тимур Дәуітов, облыстық референдум комиссиясының төрағасы:

- Алматы облысындағы учаскелерде қоғамдық бірлестіктердің 3873 өкілі қатысуда, бұқаралық ақпарат құралдарының 33 өкілі, учаскелерде халықаралық байқаушылар тіркелген жоқ. 

Облыс аумағындағы Балқаш, Райымбек, Кеген ауданының тұрғындары  белсенділік танытып отыр. Ондағы электораттың 90 пайыздан астамы дауыс берген. Ал мына біз тұрған Ескелді ауданында 34 пункт жұмыс істеп, адам өз таңдауын жасады. Дауыс берушілердің дені беске дейін келіп кетті. Сондықтан мұнда қарбалас жоқ. Тіпті дауыс  тұрғындар да бір бірден келіп жатыр.  Бүгінгі саяси науқан кезінде қандай да бір заң бұзушылық болды ма? Сол жөнінде қоғамдық ұйым өкілдерінен сұраған едік.

Лунара Игенбаева, қоғамдық бірлестік өкілі:

- Біз қоғамдық ұйымның өкілі ретінде бақылаушы болып келіп отырғаннан кейін барлығының заңды өтуін қадағалап отырмыз. Таңғы сағат жетіден бастап осындамыз. Ешқандай заң бұзушылық болған жоқ. Комиссия мүшелері де өздерінің жұмысын жақсы атқарып жатыр.

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Бір сағатқа жетер-жетпес уақытта облыстағы 1050 ден аса учаскелік пункт жабылып, дауыс беру тоқтатылады. Содан кейін санақ жұмыстары жүргізіліп,  референдум нәтижесі жарияланбақ.