loader


«Артық бюллетеньдер салынуы мүмкін»: комиссия мүшелері міндетінен шеттетілді

Алматыдағы учаскелердің бірінде болған жағдайға байланысты Аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Жанна Асанова түсініктеме берді.

Бүгін түсте әлеуметтік желіде артық бюллетеньдер салынуы мүмкін деген видео тараған еді. Қазір мән-жайды толық анықтау үшін учаскелік комиссия мүшелері міндеттерінен шеттетілген. Бюллетеньдер заңсыз салынды деген жәшікті мөрлеп, есептен алып тастаған. Одан кейінгі дауыс берушілердің бюллетеньдері жаңа жәшікке тасталған. Ал ондағы комиссия мүшелері бұл деректі жоққа шығарып отыр. Сондықтан нақты шешімді құқық қорғау органдары мен Орталық референдум комиссиясы қабылдайды.

Жанна Асанова, аумақтық референдум комиссиясының төрағасы:

- Әрі қарай дауыс берудің нәтижесі әрі қарай басталған урнаның ішіндегі жәшіктің ішіндегі бюллетеньдермен саналатын болады. Нәтиже де сонымен шығады. Ал қалған шешімді әрі қарай, қорытынды шешімді Орталық референдум комиссиясы шешеді. Бүкіл құжаттар, бүкіл деректер Орталық референдум комиссиясына жіберілетін болады. Міндетті түрде қорытындыланғаннан кейін, шешім шыққаннан кейін алдарыңызға шығып айтып береміз.

Сондай-ақ...