Қ.Сатыбалды мен Қ.Боранбаевты қамау мерзімі тағы ұзарды

Қ.Сатыбалды мен Қ.Боранбаевты қамау мерзімі тағы ұзарды

Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевты қамау мерзімі тағы 1 айға ұзартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты тиісті шешім шығарды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалды ұсталған болатын. Ал Қайрат Боранбаевтың үстінен Қаржылық мониторинг агенттігі квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісі бойынша іс қозғады.

Бұған дейін Қайрат Сатыбалдыны тұтқында ұстау мерзімі 13 маусымға дейін ұзартылған еді. Сондай-ақ мамыр айында Қ.Боранбаев пен Қ.Сатыбалдыұлын қамауда ұстау тағы бір айға ұзартылды.