Оралда «Көше саудасына 100 орын» жобасы жұмысын бастады

Кәсіпкерлерге 20 мен 36 шаршы метр аралығындағы жер телімдері электронды аукцион арқылы сенімгерлік басқаруға беріледі. Мақсат – өз ісін енді ғана бастаған кәсіп иелерін қолдау.  Жалға берілетін жер телімдерінің бастапқы бағасы небары 153 мың теңге көлемінде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шағын бизнес өкілдері бұл жерде сауда орнын немесе қызмет көрсету нысанын аша алады. Бұл пандемиядан кейін кәсіпкерлеге жасалып отырған үлкен жеңілдік. Тағы бір шарты бар барлық дүңгіршектердің пішіні бірдей болуы тиіс,- дейді жоба жетекшілері.

Жандос Нығыметов, Тұрақтандыру қорымен жұмыс департаментінің директоры :

- Кәсіпкерлерге өте қолайлы. Бизнесін шағын кәсіпті жаңа бастап жатқан кәсіпкерлерді шақырамыз. Қазіргі таңда осы 100 сауда орны бағдарламасы бойынша 35 сауда дүңгіршектер деп айтамыз, мини-маркеттер жұмыс істеп жатыр. Білуімізше сәтті жұмыс істеп жатыр.