Нұр-Сұлтан қаласының ангиохирургтері павлодарлық әріптестерімен тәжірибе алмасты

Шеберлік сағаты аясында мамандар үш науқасқа кіші жамбас варикозына операция жасады. Дәрігерлердің айтуынша, соңғы уақытта бұл дерт әйел адамдар арасында белең алып барады. Елімізде бұл операция соңғы алты жыл бойы жасалып келеді. Енді облыстардағы ауруханаларда да қолға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен жылы елорданың өзінде 100 операция өткізілсе, биыл екі есе көп. Өңірлерде де ауруға шалдыққандар қатары азаймай тұр. Мамандардың айтуынша, жергілікті медициналық ұйымдарда операцияның бұл түрін енгізу үшін техникалық және кадрлық мүмкіндік бар.

Евгений Мун, Нұр-Сұлтан қалалық №1 қалалық ауруханасының ангиохирургі

- Өкінішке қарай, бұл операция кей облыстарда жасалмайды. Қан тамырлар хирургтері жеткілікті болса да, медициналық тәжірибе енгізіле қоймаған. Олқылықтың орнын жою мақсатында өңірлерді аралап жүрмі

Радик Муфасалов, Павлодар қалалық №1 ауруханасының дәрігер-ангиохирургі:

- Біз үшін оны ауруханамызда енгізу өте маңызды. Елордалық әріптестеріміздің көмегімен бұл операция түрі бойынша тәжірибемізді молайтамыз. Кейін науқастарымыз алысқа бармай-ақ, сапалы медициналық қызметпен қамтылады.