Биыл интернет арқылы 35 жалған хабарлама түскен

Биыл интернет арқылы 35 жалған хабарлама түскен

Биыл елде интернет арқылы 35 адам жарылыс туралы жалған хабарлама жіберген. Бұл туралы Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі Спартак Қабденов мәлімдеді.

Айтуынша, мұндай оқиғаларды тергеу үшін Ішкі істер министрлігі Интерпол сынды шетелдік құқық қорғау органдарымен келісім жасасқан. Жалған ақпарат жібергендердің айпи /IP/ адресін анықтау арқылы қылмыскерлердің басым бөлігі ұсталады. Жақында ғана 5 азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Олардың 2-еуі түрмеге қамалса, 2-еуінің бас бостандығы шектелді. Тағы бір адам шартты түрде жазаланды. Соңғы уақытта телефондық терроризм деректері де тыйылар емес. Жыл басынан бері осы санатқа жататын 19 оқиға тіркелген. Қылмыскерлердің көбі мұндай әрекетке мас күйде барған. Олардың 80 проценті жұмыссыздар. Теріс әрекет жасағандардың арасында кәмелетке толмағандар да бар. Осы орайда тәртіп сақшылары қазақстандықтар 14 жастан бастап жауапқа тартылатынын ескертеді.