Елордада салықтан жалтарғандар бюджетке 490 млн теңге залал келтірген

Елордада салықтан жалтарғандар бюджетке 490 млн теңге залал келтірген
matritca.kz

2020-2021 жылдар аралығында көлеңкелі экономика саласында ауыр қылмыстар жасаған бір топ тұлға ұсталды.

ҚМА елордалық департаментінің мәліметінше, Азамат Хан В.В. басқарған қылмыстық топ өз клиенттерін бюджетке салық төлеуден босату мақсатында бақылаудағы 7 заңды тұлғаның контрагенттеріне жалған шот-фактуралар жазып берген. Олар өз әрекеттерімен мемлекетке 490 миллион теңгеден астам сомаға аса ірі көлемде зиян келтірген.

«Сот басты айыпталушы Хан Виталий Васильевичті нақты мерзімге - 4 жылға бас бостандығынан айыруға, ал заңсыз ақша жинаумен айналысқан екі адамды шартты түрде бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Үш айыпталушыға да ұзақ мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтерді, оның ішінде шот-фактураларды беруге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды», – делінген мәліметте.

Төленбеген салықтар камералдық бақылау және салықтық тексеру аясында барлық контрагенттерден өндіріп алынатын болады.