Электрлі самокаттар жылдамдығы 25 шақырымға дейін шектелетін болады

Былтыр электросамокат тізгіндегендер 70-ке жуық жол апатына түскен.

Бір адам қаза тауып, 71-і жарақат алды. Ал биыл жыл басынан 40-тан астам оқыс оқиға болды. Жалпы жыл өткен сайын құрылғының бұл түрін қолданушы көбейіп барады. Мәселен, бейресми мәлімет бойынша Алматы қаласында 200 мыңнан астам тұрғын электросамокатпен қатынайды. Енді оның жүру жылдамдығын сағатына 25-30 шақырымнан асырмау керектігі көтеріліп отыр. Бүгін стандарттау және метрология институтының мамандары құзырлы орган өкілдерімен бірлесіп, ұлттық стандарт жобасын талқылады.

Жандос Мұраталиев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:

- Ең көп қолданыста жүрген электросамокаттардың өзі бізге Қазақстанға кіргенде стандартты қарап жатқан кезде қандай электросамокаттар елге ең көп кіріп жатыр? Солардың техникалық сипаттамасына сәйкес, олар сағатына қанша шақырым жүре алады. Соның бәрін қарап белгілеп жатырмыз ғо. 30 шақырымнан аспайтын. Жүргізуші куәлік керек пе? Жоқ, керегі жоқ. Сіз веложүргізуші болсаңыз, жүргізуші куәлікті алып жүрмейсіз ғой.