Интернеттің мәселесін шешу заңнаманы жетілдіруді қажет етеді

Интернеттің мәселесін шешу заңнаманы жетілдіруді қажет етеді

Елде телекоммуникация саласын дамыту үшін заңнаманы жетілдіру керек. Құзырлы министрлік халықтың интернет сапасына көңілі толмайтынын мойындайды.

Мәселені шешу үшін халыққа қызмет көрсететін операторларды өзі таңдауға мүмкіндік берілуі тиіс. Сондай-ақ тұрғын үй инфрақұрылымы барлық байланыс операторына бірдей қолжетімді болуы керек. Бұл туралы елордада өткен ашық есік күнінде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

Айтуынша, ел арасында радиофобия сейілген жоқ. Көпшілік шағымынан кейін операторлар базалық станцияларын алып тастауға мәжбүр. Соның салдарынан бірқатар аймақта байланыс сапасы нашарлаған. Мұны жылжымалы өлшеу кешенінің көмегімен анықтауға болады. Ел бойынша осындай 10 кешен бар. Тағы төртеуін алу жоспарланған.

Зульфия Құдайбергенова, ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары:

- Салынып жатқан тұрғын үйлерде базалық станциялар орнататын аумақ қарастырылуы керек. Су мен жарық жобада ескеріледі ғой. Дәл солай. Біз заң жобасын дайындап қойдық. Енді депутаттардың қолдауын күтіп отырмыз.