ҚР Денсаулық сақтау министрі ДДСҰ марапатын алды

ҚР Денсаулық сақтау министрі ДДСҰ марапатын алды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы ресми өкілі Кэролайн Кларинваль «Дені сау ұлт» ұлттық медицина саммиті барысында ДДҰ Еуропа өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге атынан Ажар Ғиниятқа марапатты табыс етті.

«Бүгін Қазақстанның денсаулық сақтау министрі д-р Ажар Ғиниятқа д-р Ханс Клуге атынан және ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының және ДДҰ Қазақстандағы елдік офисінің барлық қызметкерлері атынан марапат табыстау - мен үшін үлкен құрмет. Қазақстанда 19 маусым күні аталып өтілетін медицина қызметкерлері күніне орай доктор Ғиниятқа марапатын тапсыру сәтінде ерекше толқып оұрмын. Доктор Ғиният, Қазақстандағы пандемиямен күреске қосқан зор үлесіңіз үшін алғыс айтамын және сізге және Қазақстанның бүкіл денсаулық сақтау қызметкерлеріне зор денсаулық, амандық тілеймін, өзіңізді қорғаңыз», - деді Кэролайн Кларинваль марапатты ҚР ДСМ басшысына табыстай отырып.