ШҚО-да жағажайларды атты патруль бақылайды

ШҚО-да жағажайларды атты патруль бақылайды

Құтқарушылар мен полицейлер шомылуға рұқсат етілмеген, көлікпен жету қиын су қоймаларында рейд жүргізіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді. Мақсат – жазатайым жағдайлардың алдын алу. Айта кетейік, өңірде 2 мыңға жуық су айдыны бар. Соның 116-сында шомылуға тыйым салынған. 

Жанарбек Тоқышев, Ұлан аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға анықтаушысы:

- Суға шомылу маусымынан бастап Шығыс Қазақстан облысы аумағында 6 адам судан қаза тапты. Соның ішінде бірі бала. Соған байланысты Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен атты патрульді қолданып, елден тыс демалатын жерлерде және суға тыйым салынған жерлерде рейд өткізіп жатырмыз.

Анна, демалушы:

- Бұрын да атты патрульдерді көргенмін. Бұл өте дұрыс қадам, қажетті дүние деп ойлаймын. Бәрі де адамдардың қауіпсіздігі үшін ғой.